Бисермен жұмыс жасау техникасы - Технология - Ашық сабақтар - Материалдар - Ustazim.kz

USTAZIM.KZ

Басты бет / Материалдар
Басты бет » Статьи » Ашық сабақтар » Технология [ Добавить статью ]

Бисермен жұмыс жасау техникасы
Мендикулова Клара
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№17 орта мектеп
Технология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Бисермен жұмыс істеу техникасы.Бисермен кестелеу.
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету,жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,білімін жүйелеу.
Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,икемді жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік:шеберлікке,шыдамдылыққа,эстетикалық талғамын арттыра отырып еңбексүйгішттіке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас,сарамандық жұмыс.
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,үйрету.
Пәнаралық байланыс:бейнелеу,тарих.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,моншақтан жасалған дайын бұйымдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті бисер,сым,қайшы.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау,сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Өткенді қайталау.
1.Бисер деген не?
2.Бисердің түрлері
3.Бисерді неден жасайды.
4.Бисер қай кезден бастап пайда болды?
5.Бисер тоқу нені талап етеді?
ІІІ.Жаңа тақырып.
Еңбек өнер арқау боп мың дастанға,
Шаттанамыз шұғыласын шашқанға
Еңбек –өнер сенен бақыт асқанба?
Еркін елдің болашағы жастарда- дей келе жаңа сабағымызды бастаймыз.
-Оқушылар,бүгін бисерден бұйым жасауды үйренеміз.Бисердің шығу тарихына тоқталсақ,бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.Ұсақ,домалақ.сопақша,әр түрлі хрусталь,шыны,керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.
Қазақша бисер су моншақ,ұсақ моншақ.жалған маржан деп атайды.
Моншақты әр халықта атауы әр қалай болған.Индияда –хар,Кубада-кояр,Эфиопияда-чале,Анголада-мисанга,Болгария,Румыния,Молдавияда-гарданыПрибалтикада-каролинес,Өзбекстанда-зебигардан,Россияда-ожерели деп,қазақ,,қырғызда моншақ,інжу-маржан деп аталады.
Бисер таңдау-үлкен жұмыс.Олардың өлшемдері,түстері әр алуан.Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды,қандай түсті таңдай білу керек.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен таралып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі.
Бисермен жай суреттен бастап өте күрделі түрлі түсті жұмыстар жасауға.алқа,тұмарша,сырға,білезік,сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады,сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты-бисерден ағаш жасау әдісін үйрену.
Біздің ұранамыз «Талаппен бастап,талғаммен аяқта»
«Іскерлік еңбекте шыңдалады»-беген мақалға сүйене отырып,біз жұмысымызды бастаймыз.
ІҮ. Сарамандық жұмыс.
1.Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек:
2.Құралдарды тексеру:
3.Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді саламыз:
4.40-50 см ұзындықта жұка сым аламыз:
5.Сымның бір шетінен бастап бисердің 10-12 түйірін тізіп ораймыз, сымды ара қашықтығы 1-1,5см болу керек,тағы 10-12 бисер өткізу.
6.Осы ретпен бірнеше шалу жасау.
7.Осындай бұтақтың 20-21 данасын жасауымыз керек:
7.Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, жасыл жіппен немесе таспамен ораймыз:
8.Гипстің көмегімен ағашты белгілі бір пішінде қатыру.
9.Осы ағашымыз 2 тәуілік бойы тұру керек:
10.Гипс кепкен соң эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
«Инсерт» әдісі

Білемін Үйрендім Білгім келеді

Қорытынды. Ассоциация.Оқушылар бисер туралы өз ойларын жазады.

Білезік гүл

Алқа Ойыншық
Бисер

Сырға киім

Дәулетім қызым өнерің,
Өнермен артар беделің,
Өнерін болса бойыңда
Халқыңа тиер көмегің-дегендей халыққа пайдаларыңды тигізіп,мынадай әдемі дүниелерді жасауға мүмкіндіктерің бар.Міне,қыздар бүгін сендер бисермен ағаш жасау жолдарын үйрендіңдер,келесі сабақта бұл жұмыс жалғасын табады. «Көз қорқақ-қол батыр» дегендей зейін қойсаңдар үйренбейтін өнер жоқ.Тек сендерге терең білім,үлкен шеберлік,төзімділік,іскерлік,шыдамдылық,белсенділік керек.
Ү.Сабақты бекіту:
1.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2.Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлерін білдіреді.
ҮІ.Үйге тапсырма.Жұмысты жалғастыру,аяқтау.
Категория: Технология | Добавил: Mangystau2013 (04.02.2014) | Автор: Мендикулова Клара E
Просмотров: 4187 | Комментарии: 1 | Теги: технология, Ашық сабақтар сайты | Рейтинг: 2.0/6
Всего комментариев: 1
avatar
1 Шапағат • 17:41, 17.04.2014
мм,түк түсінгем жоқ
avatar